Деректер бойынша, 1455-ші жыл баспа ісінің бастау алған жылы деп саналады. Ал алғашқы Павлодар газеті 1917 жылы 11 тамызда жарық көрді. Бұл «Свободная степь» кадет газетінің бірінші нөмірі болды, ол бүгінгі күні Павлодар облысының Мемлекеттік архивінде – құнды тарихи құжаттар қоймасында сақталуда. Көп жағдайда уақыттың шынайы рухын беретін жалғыз тарихи қайнар көзі бола отырып, павлодарлық газеттер - біздің өңірдің мәдени өміріндегі ірі құбылыс. Осыған байланысты 2019 жылы С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана «Павлодар облысы баспасының цифрлық банкі» жобасын жүзеге асыруда.
«Павлодар облысы баспасының цифрлық банкі» - қоғамның өзгеру хроникасын қадағалауға, жүз жылдан астам тарихы бар оқиғалар туралы материалдарды жариялағаннан кейін он жыл өткеннен кейін түпнұсқалық нұсқада еске түсіруге мүмкіндік беретін барлық пайдаланушыларға арналған ашық желілік ресурс. Электрондық ресурстың маңызы зор және ол осы құнды ақпарат массивін одан әрі пайдалану бойынша перспективалар ұсынады. Бұл ресурс ақпарат көлемі бойынша да, құжаттардың құрамы бойынша да бірегей боп саналады. Жоба зерттеушілерге, сондай-ақ қарапайым пайдаланушыларға арналған және баға жетпес ақпарат көзіне тегін қол жеткізуге бағытталған.
Электрондық ресурсты жүзеге асыру процессінде кітапханадағы бірегей жабдық – «ЭларСкан А1» кәсіби сканері пайдаланылуда. Бұл жабдықта цифрлау ультракүлгін және инфрақызыл сәулелердің болмауы арқасында түпнұсқаларға зиян келтірмейді.
Қазіргі уақытта электрондық нысанға 5000-нан аса газет нөмірі ауыстырылды, олардың ішінде 1917 жылы жарыққа «Свободная степь», 1918 жылғы «Объединение» (қазіргі «Звезда Прииртышья») және 1943 жылғы «Қызыл Ту» (қазіргі «Сарыарқа Самалы») да бар.
Жобаның мақсаты:
Павлодар облысының өлкетану газеттерін сақтауға және пайдалануға арналған Электрондық ресурс құру.
Негізгі міндеттер:
- Өлкетану газеттерін сандық түрге ауыстыру. Мұндай сақтау ұзақ мерзімділікті қамтамасыз етуге, сақтық қор құру және резервтік көшірме жасауға мүмкіндік береді; көшірмелер облыстық ОКЖ-де пайдаланылуына болады.
- Газеттің баспа мәтінінің толық аналогы болып табылатын электрондық ресурсты қалыптастыру, осылайша, электрондық беттерді қарау қағаз түпнұсқалармен жұмыс істеуге ұқсас болады. Бұл классикалық құжаттармен жұмыс істеуге үйренген оқырмандарға мәтінді қабылдауды жеңілдетеді.
Қажетті материалды табу жаңа бастаған пайдаланушыға да қиын болмайды: ізденіс, шығарылым нөмірі мен күні бойынша жүзеге асырылады.