Қызыл Ту - Павлодар облысы баспасының цифрлық банкі
қазақша русский Menu

Қызыл Ту

Басты / Қызыл Ту

Қызыл Ту

Архив 1943 - 1976

 

1938 жылы Павлодар жеке облыс болып құрылып, облыстық партия комитеті бюросының 4 сәуірдегі қаулысына орай «Қызыл ту» газеті Қазақстан Компартиясы Павлодар облыстық, қалалық комитеттері мен еңбекшілер депутаттары облыстық Советінің күнделікті газеті болып бекітілді. «Қызыл ту» - сонау отызыншы жылдардың басында жарық көрген «Кеңес туы», одан кейін «Колхоз» газеттерінің заңды жалғасы еді. Газет тарихын Ертістің Павлодар өңірінің өмірінен бөле-жара қарастыруға келмейді. Басылым алғашқы бесжылдықтар кезінде облыс еңбекшілерін коллективтік еңбекке, социалистік құрылыс ісіне жұмылдырып, Ертіс өңірінде халық шаруашылығы мен өнеркәсіп орындарын өркендетуге белсене атсалысты. Ұлы Отан соғысы жылдарында газет «Бәрі майдан үшін!» деген ұранмен шығып, облыс еңбекшілерін жанқиярлық еңбекке үндеді. Соғыстан кейінгі жылдар да халық шаруашылығын қалпына келтіру жэне одан әрі өркендетуде, тың және тыңайған жерлерді игеруде газет өзінің үгітшілік, ұйымдастырушылық міндеттерін ойдағыдай атқарады. Газет партия мен үкімет шешімдеріне сай, облыс еңбекшілерін коммунизмнің материалдық-техникалық базасын жасау жолындағы күреске, өнеркәсіп пен шаруашылық және мәдени құрылыс міндеттерін ойдағыдай орындауға жұмылдырып отырған.

1991 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, редакция өз газетіне «Сарыарқа Самалы» атты жаңа атау берді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Аймақ өмірінің айнасы. Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетіне 80 жыл – Павлодар: ЭКО, 2009. – 160 б.